Қатимолла Ризуанов кездесу

Қатимолла Ризуанов кездесу

Өмірге небір жайсаң жандар келіп, бар еңбегін халқына арнап, артында өшпестей із қалдырып, ұрпағына мағыналы тәрбие беріп, өмірлік азық болатындай жақсы істерін қалдырып кетеді. Сондай жақсы жандардың қатарына Қатимолла Ризуанов ағамызды айтар едік.
Ағамыздың 80 жылдық мерейтойына республикамыздың түкпір-түкпірінен келген құрметті қонақтары «Елсана» руханият клубының жұмысымен танысып, ақсақалдарымызбен, жастарымызбен жүздесті. Қонақтарымыз, ардагер буынның өнегелі өмірін, қоғамда алатын орнын өскелең ұрпаққа жеткізе отырып, ата-ананы құрметтеу ең басты парыз екендігіне тоқталды. Үлкенді құрметтеу, ата-баба аманатына адалдық, еңбекқорлық, ұлттық тәлім-тәрбие сынды қазақы қасиеттерді ерекше атап көрсеткен қонақтарымызға тыңдаушы жастар ерекше алғыстарын білдірді.
Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы – академик, тарих ғылымдарының докторы, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары; Мұқышев Бекболат Бапанұлы– Ішкі істер генералы, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесі төрағасының орынбасары; Елеусізов Ескендір Исмақұлы – Солтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Бекмағанбет Көпболсын Әбдікешұлы-«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің жауапты хатшысына «Елсана» руханият клубының атынан рахмет айтамыз. Табысты еңбек, жетістіктер тілейміз.

06-11-2018


Оставьте комментарий

Отзывы