Елсана бағдарламасы

Елсана бағдарламасы

12.12.2018. Əр халықтың ұлттық ерекшелігін айқындап тұратын мінез-құлық үлгілері болады.
Ол ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың ережесінен тұрады.

Бұл талаптар мен ережелер қазақ қоғамы үшін бұлжымас заң рөлін атқарған салт-дəстүрлермен көрініс табады. Халық оны бұлжытпай орындаған, оны сақтамаған, құрметтемеген адамдар жазаланып отырған. 
Тəлімдік , тəрбиелік, саналылық, өнегелілік үлгісін халық, атадан-балаға мұра ретінде жалғастырып отырған. Салт-дәстүр біздің мәдениетіміз, көрегенділігіміздің көрінісі болып табылады.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ырымдарын толық білеміз бе, жас ұрпақ қандай жолмен өсіп келеді, ата-баба өсиетін кез-келген жерден өзгерту енгізіп, құбылта бермей, сақтап қала аламыз ба?- деген көкейтесті ой Елсана бағдарламасының кезекті отырысына арқау болды.

Тақырыпты талқылауға білім саласының ардагері, ақылдастар алқасының мүшесі Серік Сапанов, театр əртісі Анита Баетова, "Жерұйық" қолөнер орталығының жетекшісі Бағыт Битималиева, "Елсана" руханият клубының ұйымдастырушысы Майра Жанекешқызы қатысты.

13-01-2019


Оставьте комментарий

Отзывы