"Елсана" руханият клубының кезекті кездесуі тағы да спорт саласында жүрген жастарымызға арналды.

"Елсана" руханият клубының кезекті кездесуі тағы да спорт саласында жүрген жастарымызға арналды.

"Елсана" руханият клубының кезекті кездесуі тағы да спорт саласында жүрген жастарымызға арналды. Қазақ жігіттерінің кез-келген спорт саласында көк туымызды желбіретіп жеңістерді иеленіп жүргені көңілімізге қуаныш сыйлап жүргендеріне қалай қуанбассың!?

Сондай қайсар жігіттердің басын біріктірген "Қайсар" клубының муай тай спорт түрімен айналысатын бір топ азаматтарымен бас қосу керемет өтті.

Муай тай – өте қиын спорт түрі. Аталмыш спорт түрін қысқаша таныстыра кетсек:
Муай тай спорт түрін 2000 жыл бұрын Тайланд елінің тумасы Муай Боран есімді азамат салған. «Муай» термині «еркін жарыс» деген мағынаны білдіреді.

Өйткені муай тайда жұдырықпен, табанмен, сирақпен, шынтақ және тіземен соққы беруге болады. Сондықтан, муай тайды «сегіз қол-аяқ сайысы» деп те атайды. Мұндайға екінің бірі шыдамайды. Ал бұл спорт шыдамдылықты талап етеді.

Спортшылардың жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасай отырып, оның тұлғасын дамытуда, психологиялық мәдениетін көтеруде, физикалық күш-жігерін шыңдауда жасаған еңбектері бір төбе Атырау облыстық «Қайсар» клубының негізін қалаушы Рахман Айбат мырзаға, жаттықтырушысы Амиржанов Нұрберенге, Муай тай федерациясының президенті Мұхамбеталиев Бағытжанға әрқашанда табыс тілейміз, биік белестерді бағындыра беріңіз демекпіз!

Сіздер, жастарымызға ұлттық құндылықтарымызды жоғары бағалауды үйретіп, қазақ балуандары мен батырларының ерлігін құрметтеуге бағыттаған тәрбиеңіз, жеңіске жеткізу жолындағы еңбектеріңіз ұшан-теңіз!

Әрқашанда туған жердің қасиеті мен киелі топырағын қастерлеп, Отанымыздың патриоты ретінде, туымызды көкке желбіретіп жүрген жеңімпаздарымыз Кенжебаев Шыңғыс, Саясатов Еламан, Мұхитов Батырхан, Хайруллина Аидаға "Елсана" руханият клубының ақсақалдары, спорт ардагері, спорт шебері Ақмырза Батырхайырұлы мен білім саласының ардагері Серік Жұбанұлы өсиетті әңгімелерін арнап және баталарын беріп, ақ жол тіледі.

"Елсана" руханият клубының төрағасы Нұржан Ермұханов, "Жерұйық" мәдениет орталығы қоғамдық қорының директоры Нұрберген Әбдірашев спортшыларымызды алғыс хаттарымен марапаттады.

Сіздер, елін сүйе алатын патриотизмнің шырқау биігінен көрініңіздер. Талпынған мәрелерден қаймықпай өтіп, қазақтың айбынын көтерер ел тірегі болыңыздар! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, сіздерге бақыт тілейміз, спорттық сайыста биік межелерге жете беріңіздер деген тілек айтамыз!

13-01-2019


Оставьте комментарий

Отзывы