"Елсана" бағдарламасы

"Елсана" бағдарламасы

11.10.2018. Атырау телеарнасы. "Елсана" бағдарламасының бүгінгі көрсетілімі облысымыздағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғалым-профессорларымен, студенттердің қатысуымен өткізілді. Егер тамашалаған болсаңыздар, тарихшылардың пікірі, ұсыныстары, көкейде жүрген талай сұрақтарға жауап бере алды. Осы бағдарламаға үлкен жауапкершілікпен қатысқан Шамғонов Амангелді ағайымызға, Ахмет Аққалиға, Сапанов Сейфоллаға үлкен рахметімізді айтамыз. Біз жастардың бойынан күтетін білімділікті, өз ойын нақты жеткізе алатын алғырлықты, болашағына сенімі мол, елінің тарихын ерекше бағалай білетін Сейдіғапар Жолболдыға құрметіміз ерекше. Осы бағдарлама бойынша ойларыңыз, ұсыныстарыңыз болса хабарласыңыздар. Əр аптада, бейсенбіде, сағат 12.30-13.20 аралығында эфирде шығып тұрамыз. Түрлі тақырыптағы пікір-сайыстарды тамашалаңыздар!

13-01-2019


Жарас 20.05.2019

Сіздерге деген құрметімді қабыл алыңыздар!


Оставьте комментарий